Инжиниринг қызметтері — қандай да бір жаңа нысанды құру процесін, жобалау және құрылыс процесін техникалық сүйемелдеу жөніндегі қызметтер. Инжиниринг қызметтері ұғымының мазмұндық көлемі қызмет бағыттарының ең кең ауқымын қамтиды.
Инжиниринг саласы жобалау-іздестіру жұмыстарының бүкіл ауқымын (жобалау алдындағы дайындық, техникалық-экономикалық негіздеме, конструкторлық әзірлемелер), нысандардың құрылысын, сондай-ақ оларды пайдалануды дайындау және сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді, консалтингтік және өзге де қызметтерді қамтиды