Құрылыс қызметіне нысанды тұрғызу, қайта жаңарту, жөндеу, қалпына келтіру, абаттандыру, бұзу, құрылысы аяқталмаған нысанды консервациялау жөніндегі, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды, соның ішінде құрылыста инженерлік қызметтер көрсетуді, рұқсат беру және жобалау құжаттамасын дайындауды, құрылыс-монтаж, іске қосу-баптау жұмыстарын орындауды қамтитын қызмет жатады.
Құрылыс қызметі түрлерінің толық тізбесі құрылыс саласын техникалық пайдалану, инвестициялық және өндірістік қызмет салаларынан бөле отырып, нақты айқындайды, бұл құрылысты құрайтын және оған ілеспе қызмет түрлерін біржақты бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.